27.09.2007, 11:39 2652

Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы жолдың жөнделуін тікелей өз бақылауына алды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы жолдың жөнделуін тікелей өз бақылауына алды

Семей. 27-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов аймақтағы жолдың жөнделуін тікелей өз бақылауына алды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Облыс әкімі Жәнібек Кәрібжановтың тапсырмасы бойынша "Шығысжоллаборатория" мемлекеттік мекемесі облыс жолдары мен қала көшелеріндегі жасалған жөндеу жұмыстарының сапасына апта сайын сараптама жүргізіп отыратын болады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Жақында өткен жиналыста "Шығысжоллаборатория" мемлекеттік мекемесінің басшылығы облыс әкіміне жалпы алғанда жұмыс сапасы нормативтерге сәйкес екендігі, анықталған қателіктерге тиісті шешімдер шығарылып жатқаны жайлы баяндады. Олар, сонымен қатар, қателіктерді жою үнемі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті мен қала және аудан әкімдерінің бақылауында екендігін атап өтті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, биылдың өзінде тек Өскемен қаласында 110 шақырымнан астам, Семейде 60 шақырымнан астам жол жөнделген. "Жергілікті деңгейдегі көлік жолдарының бағыттық жөндеу жұмыстарына бөлінген 285 653 теңгенің 204 676 теңгесі игерілген. Бүгінгі күні Абай, Аягөз, Бесқарағай, Глубокое, Жарма, Зыряновск, Тарбағатай және Шемонаиха аудандарында бағыттық әдіспен жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыс қабылдап алынды, ескерту жоқ", - деген түсініктеме берді әкімшілік.

Икімшілік қызметкерлерінің хабарлауынша, облыс басшысы жұмыс атқарушыларға "жол жөндеу жұмыстарының ақысы бұрынғыдай тек жасалған жұмыс сапасын және нормаларға сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша ғана төленетіндігін" ескертіп өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны