25.09.2007, 18:37 2984

Шығыс Қазақстан облысының әкімі аудандық мәдениет бөлімдеріне жаңа бейнемобильдер тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі аудандық мәдениет бөлімдеріне жаңа бейнемобильдер тапсырды.

Семей. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов бүгін аудандық мәдениет бөлімдерінің басшыларына жаңа бейнемобильдердің кілттерін тапсырды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бейнемобильдер дыбыс күшейткіш аппараттармен, электрондық кинотеатр жабдықтарымен, ноутбукпен, сандық бейнекамерамен және фотоаппаратпен жабдықталған, яғни онда шалғай ауыл тұрғындарының бос уақытын көңілді өткізуге қажеттінің барлығы бар",- деп түсіндірді әкімшіліктегілер. Олар сондай-ақ көліктерді сатып алуға облыстық бюджеттен 35 млн теңге бөлінгендігін де атап өтті.

"Бейнемобильдер Абай, Бесқарағай, Зайсан, Қатон-қарағай, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандарының мәдениет бөлімдерінің бастықтарына табыс етілді",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Олардың ақпараттарына сүйенсек, жыл аяғына дейін облыстың тағы жеті аймағына бейнемобиль бөлу жоспарланып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны