15.07.2009, 14:52 2634

Шығыс Қазақстан облысының әкімі мемлекеттік бағдарлама бойынша көшелерді жөндеу үшін бордюр жеткізуші компаниямен арада байланысы бар дегенді жоққа шығарды - телеарна

Шығыс Қазақстан облысының әкімі мемлекеттік бағдарлама бойынша көшелерді жөндеу үшін бордюр жеткізуші компаниямен арада байланысы бар дегенді жоққа шығарды - телеарна

Өскемен. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік бағдарлама бойынша көшелерді жөндеу үшін бордюр жеткізуші компаниямен арада байланысы бар дегенді жоққа шығарды. Бұл туралы ол "Қазақстан -Өскемен" өңірлік телеарнасының тікелей эфирінде сейсенбі күні мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тікелей эфир кезінде бір жігіт өңір басшысына мынадай сұрақ қойды: "Сіздің өз фирмаңыз айналысатындықтан, бордюрларды ауыстырып жатыр деп жүр, осы рас па? Және мамандарды сіз неге оңтүстіктен әкелдіңіз?"

"Фирмаға қатысты жайтты тексеруге болады, ол үшін құқық қорғау органдары бар. Біра бірден айтайын, менде ешқандай фирма жоқ", - деді Б. Сапарбаев.

"Біз Қазақстанда тұрамыз, мамандардың бәрі де қазақстандықтар. Қазақстан азаматы елдің кез келген жерінде жұмыс істей алады. Ал осында тек шығыс қазақстандықтар ғана жұмыс істейді деу - басқа азаматтардың құқығын бұзу. Өскемен қаласының әкімі лауазымына басқа облыстан адам келді. Мен Алматы, Қызылорда, Шымкент, Астанада істедім, енді міне Өскеменде жұмыс істеп жүрмін", - деді әкім мамандар саясаты туралы сауалға берген жауабында.

Еске сала кетейік, "жол картасы" бағдарламасына қатысты жұмыстар жөнінде Шығыс Қазақстан облысындағы халық арасында және кейбір бұқаралық ұйымдар арасында түрлі пікірлер туындаған. Ал жергілікті сайттардағы интернет-форумдарда облысқа әкелініп жатқан бордюрлар Б.Сапарбаевтың өзіне тиесілі кәсіпорында өндіріледі-міс деген ақпарат пайда болған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны