30.11.2007, 16:15 6455

Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңірдің рекреациялық және су қорғау аймақтарында құрылыс салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құруға бұйрық шығарды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңірдің рекреациялық және су қорғау аймақтарында құрылыс салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құруға бұйрық шығарды

Семей. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов өңірдің рекреациялық және су қорғау аймақтарында құрылыс салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жұмыс тобының құрамына бірқатар салалық атқарушы органдардың, соның ішінде жер қатынастары басқармасының, сәулет-құрылыс бақылау департаментінің, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану департаментінің, сәулет және қала салу департаментінің, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің, қоршаған ортаны қорғау департаментінің, мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттың және зілзаланың алдын алу және салдарын жою департаменттерінің және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің басшылары кіреді.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, "осы өңірдің рекреациялық және су қорғау аймақтарында құрылыс салу мәселелерін зерделеуге қатысты жұмысқа облыстық прокуратураның, әділет департаментінің, Ертіс бассейні сушаруашылық басқармасының өкілдері де қатысатын болады".

Жұмыс тобын облыс әкімінің орынбасары Иван Белихин басқарады. Жұмыс тобы рекреациялық және су қорғау аймақтарында құрылыс салу мәселелерін зерделеуді аяқтағаннан кейін облыс әкіміне алынған нәтижелер туралы анықтама әзірлеп ұсынады, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны