21.04.2009, 15:23 3272

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Өскемендегі сәтсіздікке ұшыраған экологиялық саябақтың аумағын жылыжайлар мен питомниктерге арнау мәселесін қарастыруды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Өскемендегі сәтсіздікке ұшыраған экологиялық саябақтың аумағын жылыжайлар мен питомниктерге арнау мәселесін қарастыруды тапсырды

Өскемен. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемендегі Ертістің сол жағалауындағы сәтсіздікке ұшыраған экологиялық саябақта болған кезде оның аумағын жылыжайлар мен питомниктерге арнау мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бердібек Сапарбаев облыс орталығының басшылығына Экологиялық саябақтың аумағын көгалдандырумен айналысатын кәсіпорындарға 5-10 жылға жалға беруді тапсырды. Мұнда жылыжайлар мен питомниктер пайда болмақ.

"Қалалықтардың демалуына жағдай жасап, экологиялық таза аймақ салу идеясы сәтсіздікке ұшырағаны көрініп тұр. Жобаға құйылған 164 млн. теңге желге ұшқан",- деді облыс әкімі.

"Тротуарлық тасы топыраққа батқан және жарық шамдары қираған бос алеяларға, автокөлік тұрағына, күн астында құраған көшеттерге қарасан экосаябақтың жағдайы бірден белгілі болады. Бұл аздай, айналада сиырлар емін-еркін жайылып жүр. Мұның бәрін кім үшін жасаған?" - деп қынжылды облыс әкімі.

"Шенеунік мырзалар бюджеттік қаражатты жұмсау мен қойылған міндеттерді мемлекетлік көзқарас тұрғысынан орындауға деген немқұрайдылығын тағы бір мәрте байқатты",- деді ол.

"Саябақ дамуы кем дегенде он жылға созылатын аймақта орын тепкен. Ал бұл дегеніміз Экологиялық саябақ қалалықтардың сүйікті демалыс орнына жақын уақытта айналмайды. Сондықтан жобалық-сметалық құжаттарда көрсетілгендей бұл жерге тағы миллиард теңгеге жуық қаражатты құю бүгінгі жағдайда ысырапшылдық деп түсінуге болады",- деді Б.Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны