12.02.2007, 15:36 2850

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінде жаңа мамандар тағайындалды

ӨСКЕМЕН. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінде жаңа мамандар тағайындалды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Аймақ басшысы Жәнібек Кәрібжановтың өкімімен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Иділғазы Бергенов тағайындалды.

Сонымен қатар, жуықта құрылған энергетика және тұрғын-коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры лауазымына бұрын облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментінің директорының орынбасары қызметін атқарған Қайрат Оразбаев тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны