05.06.2006, 19:03 9430

Шығыс Қазақстан облысының Алакөл шипажай аймағындағы бірнеше демалыс орны әлсін-әлсін су басып қалуға байланысты жабылды

СЕМЕЙ. 5-маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы аумағындағы Алакөлдің жағалауы опырылып түсу қаупі төніп тұр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Үржар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бөлім бастығы Геннадий Сурин хабарлады.

Оның айтуынша, көл жыл санап құрлыққа 40-50 метрге тақап келеді. “Алакөл сол маңдағы шипажай аймағымен танымал. Алайда қазір әлсін-әлсін су басып қалуға байланысты біз бірнеше демалыс үйін жабуға мәжбүр болып отырмыз“,- деді Г.Сурин.

Оның айтуынша, проблеманы шешу үшін жобалаушы мамандар жағалауды нығайту жұмыстарының жоспарын жасауда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінді. “Алайда қаржы мүлдем жетпей отыр. Тауқыметті толық шешу үшін 1 млн. теңге қажет”,- деді Г.Сурин. Осындай көлемде қаржы тарту үшін үкімет қолдау көрсетуге тиіс, деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны