06.02.2007, 18:59 3188

Шығыс Қазақстан облысының антимонополиялық комитеті 2007 жылдың басынан бері табиғи монополиялар туралы заңды бұзуға қатысты 14 нұсқау енгізген

СЕМЕЙ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының антимонополиялық комитеті 2007 жылдың басынан бері табиғи монополиялар туралы заңды бұзуға қатысты 14 нұсқау енгізген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасынан хабарлады.

Нұсқама кейбір міндетті аудитты жүргізбеген, немесе аудиттың нәтижесі мен қаржылық есеп беруді жарияламаған, немесе оларда дер кезінде жарияламаған субьектілерге қатысты шығарылған. Заң бұзушы кәсіпорындар қатарында - "Семейавиа" АҚ, "Өскемен жылу желісі" АҚ, "Жылукоммунэнерго" МКК, "Шығыс Қазақстандық АЭК" АҚ және т.б. бар.

2007 жылдың қаңтарында кейбір табиғи монополистер тауар, қызмет және жұмыс түрлерін сатып алу ережесін бұзған. Ал оларды сатып алуға жұмсалған шығындар реттелетін қызмет түрлеріне тариф белгілеуде ескерілетіні белгілі.

Атап айтқанда, субъектілер антимонополиялық ведомствоға сатып алынатын тауар, қызмет пен жұмыстардың тізімін дер кезінде бермеген. Осыған байланысты құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 350-ден 1500 АЕК (айлық есеп көрсеткіші) көлемінде айыппұл салынған.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар туралы заңды сақтауға бақылау жасау жұмыстары аясанда әкімшілік істер бойынша тоғыз нұсқама шығарылған, олардың төртеуі әкімшілік жаза қолдану туралы болса, бесеуі - өндірісті тоқтату туралы, ал біреуі - айыппұлды бөліп өтеу туралы болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны