23.10.2006, 16:00 3205

Шығыс Қазақстан облысының басшылығы Беген орман шаруашылығындағы өрттен зардап шеккендерді жұмыспен қамтуға көмектесеміз деп уәде беруде

СЕМЕЙ. 23-қазан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласының басшылығы Беген орман шаруашылығындағы өрттен зардап шеккендерді жұмыспен қамтуға көмектесеміз деп уәде беруде. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жұмысқа қатысты тауқымет болмайды деп ойлаймын",- деп сендірді облыс әкімі. Оның айтуынша, Бесқарағай ауданындағы шаруа қожалықтары ауылда қалуға ниет білдіргендерге жұмыс орындарын беруге дайын екендіктерін мәлімдеген. "Ал Семейге қоныс аударатындар мен аударғандарға біз бірінші кезеңде әлеуметтік қорғау қызметтері арқылы қорғап, тіркелген жағдайда жұмыссыздыққа қатысты жәрдемақылар беруге дайынбыз. Ал одан әрі Семей қаласының әкімі оларды жұмыспен қамту мәселесін шешемін деп уәде берді",- деді В.Храпунов.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің айтуынша, жыл басынан бері өңірде 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Олардың 4 мыңға жуығы Семейдің үглесінде. "қалаға қоныс аударған біздің адамдарға жұмыс табылады деп ойлаймын",- деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны