22.10.2007, 18:44 3087

Шығыс Қазақстан облысының басшысы мен РФ Омск облысының басшысы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақ

Шығыс Қазақстан облысының басшысы мен РФ Омск облысының басшысы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақ.

Өскемен. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының басшысы мен РФ Омск облысының басшысы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақ. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, келісім жасау туралы шешім Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжановтың Омск облысының губернаторы Леонид Полежаевпен Омскде өткен кездесуі кезінде қабылданған.

Кездесу аясында Қазақстан мен Ресейдің екі үлкен облыстарының өзара қызығушылық танытатын мәселелері, атап айтқанда экономика, өнеркәсіп, ғылым және ауылшаруашылық салаларындағы мәселелер талқыланған. Сондай-ақ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықтар туралы келісім жасау жөніндегі дайындық жұмыстары жүргізілген.

"Келісімге осы жылдың аяғында қол қойылады, деп күтілуде. Бұл уақытқа дейін біз Өскеменде қараша айының екінші онкүндігінде өтетін "Интеграциялық процесстерді тереңдету аясындағы инновациялық даму" атты 3-ші аймақтық форумға Омск облысының бизнес-қоғамының өкілдерінің қатысуы жоспарланған",- деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Келіссөздер барысында экономикалық байланыстарды тереңдету, ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздеу, өзара инвестициялық капиталдар салу мүмкіндігі сияқты мәселелер талқыланған. "Омск мен Өскемен облыстарында біріккен сауда өкілдіктерін ашу, Омск және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында өндірілетін тауарларды белсенді айналымға салу туралы әңгіме болды. Экономиканың басым салаларында біріккен инвестициялық және инновациялық жобалар әзірлеу, жәрмеңкелер, көрмелер мен сауда-экономикалық миссиялар өткізу туралы алдын ала келісімдерге қол жеткізілген",- деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "педагогтар мен медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ теміржол көліктерінің жұмысшылары мен құрылысшылардың біліктілігін көтеру, дайындау, қайта дайындау мәселелері бойынша білім және ғылым саласында да ынтымақтастықты бастау жоспарлануда".

Екі облыстың басшысы сондай-ақ көлік-коммуникациялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізу туралы келіскен, онда Ертіс трансшекаралық өзені бойынша кеме қатынастарын жаңғыртудың болашағы талқыланады.

Ресми кездесу аяқталғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысының өкілдері Омскінің бірқатар нысандарына барып қайтты, атап айтқанда, "Ясная поляна" ықшамауданында салынып жатқан "Ертіс" омскілік өндірістік бірлестікке, "Арена-Омск" спорт кешеніне барып, алғашқы қалалық метрополитен тармағының құрылыс барысымен танысқан. Сонымен қатар, өкілдер Омскінің сауда-өнеркәсіптік палатасы мен кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындарды олардың іс-қызметінің бастапқы кезеңінде қолдау үшін арнайы құрылған Омскінің аймақтық бизнес-инкубаторының жұмыстарымен танысқан.

"Екі облыстың экономикасының бір-бірін өзара толықтыратындығын ескере отырып, біздің ынтымақтастығымыздың әлеуеттілігі зор деуге, толық негіз бар. Біздің халықтарымыздың ортақ тарихының тереңдігі мемлекетаралық интеграциялық процесстерді одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді",- деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі қорытынды сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны