02.08.2007, 16:48 3291

Шығыс Қазақстан облысының билік өкілдері Алакөл өзенінің жағалауын бекіту жөніндегі ұсыныстарды күтуде

СЕМЕЙ. 2 - тамыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының билік өкілдері Алакөл өзенінің жағалауын бекіту жөніндегі түрлі ұсыныстарды қарауға әзір, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс және апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жою департаментінен хабарлағанындай, соңғы 25 жылда опырылу салдарынан өзеннің шығыс жағалауы құрғаққа қарай 300 мет рге тереңдеп кеткен. Жағалау жыл сайын орташа есеппен 10-нан 30 метрге дейін опырыла түсуде. Соның салдарынан Үржар ауданының Қабанбай ауылын Алакөл жағалауында орналасқан демалыс үйімен жалғайтын ұзындығы 1800 м тас жол бүлінген. "Өзен "Дорожник" демалыс үйі мен басқа да демалыс базаларына тақап қалды",- деп атап өтті департаменттегілер.

Олардың хабарлауынша, жағалауды бекітуге қатысты алғашқы жұмыстарды қаржыландыру мүмкіндігі бар. "Осыған байланысты біз қазіргі уақытта аталмыш проблемаға қызығушылық танытқандардың барлығына өзекті мәселені шешу жолы мен аталмыш проблемаға қатысты ұсыныстарын ортаға салуды ұсынамыз",- деп қорытындылады департаменттегілер.

Алакөл өзені Қазақстанның ішкі су қоймалары арасындағы көлемі жағынан екінші және республикадағы сырттан құятын көздері жоқ көлдердің арасындағы ең тереңі болып табылады. Оның жағасында жыл сайын 60 мыңға жуық адам демалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны