26.07.2007, 18:25 3937

Шығыс Қазақстан облысының Қаратоғай ауылында су құбырларын тарту жобасы жүзеге асырыла бастады

СЕМЕЙ. 26 - шілде. Kazakhstan Today. "Таза су" бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының Қаратоғай ауылында су құбырларын тарту жөніндегі жоба жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жұмысты "Өскемен құрылыс" ЖШС жүргізіп жатыр. "Траншеялар қазылыған, жақын арада құбырлар жеткізіледі. Су құбырының жалпы ұзындығы 1600 метрді құрайды, сондай-ақ мектеп бағытында 300 метрлік "бұрылыс" жасалынады",- деп хабарлады кәсіпорын басшысы Ержан Ысқақов. Нысан құрылысына облыстық бюджеттен 12,7 млн теңге бөлінген.

Бірақ, Күршім ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Шақаевтің айтуынша, жобада су айдауыш мұнара салу қарастырылмаған. "Біз проблеманың тиімді шешімін іздеудеміз. Қаржы қарастырып, ескі су айдауыш мұнарасын жөндеу қажет: оның құбырлары мен суға арналғаныдыстарының тозығы жеткен. Қолданыстағы тереңнен сорғыш жарамсыз, одан қуаттырақ сорғышты қажет етеді",- деді ол.

"Өкінішке орай, жобада хлораторлық станция да қарастырылмаған. Бірақ 2004 жылы толық емес жобаны құрған кінәліні бүгінде таба алмайсың. Сондай-ақ жобада ауыл шетіне су беру де қарастырылмаған, су тек бірнеше нысандарға ғана беріледі",- деп қосты Н. Шақаев. "Кемшіліктерді толықтырып, таза суды көрсетілген мерзімде беруге тырысамыз",- қорытындылады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны