12.10.2007, 18:52 2745

Шығыс Қазақстан облысының кеденшілері жыл басынан бері 55 қылмыстық іс қозғаған

Шығыс Қазақстан облысының кеденшілері жыл басынан бері 55 қылмыстық іс қозғаған.

Өскемен. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының кеденшілері жыл басынан бері 55 қылмыстық іс қозғаған, өткен жылғы осы кезеңде бұл көрсеткіш 69 болған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қозғалған қылмыстық істердің қатарында "Экономикалық контрабанда" бабы бойынша 26 материал, кеден салықтары мен төлемдерін төлеуден жалтаруға қатысты 7 қылмыстық іс бар.

Икімшілік заң бұзушылықтарды анықтауда 907 іс қозғалып, 11,5 млн жуық теңгенің айыппұлы салынған, ал тәркіленген тауарлардың жалпы құны 3 млн теңгеден асып жығылады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, есірткі контрабандасымен күресте 2007 жылдың 9 айында есірткі заттарының заңсыз айнылымына қатысты 14 дерек анықталып, 21 қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген есірткіні жалпы салмағы 20 кг жуық.

2007 қаңтар-қыркүйек айларында мемлекет бюджетіне 16 млрд теңгеден астам кедендік салық пен төлемдер аударылған. "2006 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 3,5 млрд теңге, немесе 28,6 пайыз өсім қамтамасыз етілген",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Барлық көрсеткіштер бойынша кеден салықтары мен төлемдерінің түсімінің өсуіне қол жеткізілген, тек қана қара металл қалдықтары экспортының Қытай Халық Республикасынан Еуроодақ пен Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығының елдеріне қарай ойысуына байланысты экспорттық баж салығы бойынша ғана өсім болған жоқ.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысның кедендік бақылау департаментін "Бақты", "Майқапшағай", "Семей" кедендерін біріктіру жолымен қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бір облыста өзіндік екі кеден құрылымының болдырмау үшін, негізгі кедендік рәсімдеуді шекаралық бақылау аймағынан көшіру үшін жасалынып жатыр",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны