30.03.2007, 15:43 3093

Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері жеке күзет фирмаларының қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігінің ережесін зерделеуге кеңес беруде

ӨСКЕМЕН. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Өрт сөндіру департаменті жеке күзет фирмаларының қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігінің ережесін зерделеуге кеңес беруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өрт сөндірушілерде күзет қызметінің мемлекеттік емес субъектілеріне қатысты көптеген шағымдары жиналып қалған. Шығыс Қазақстан облысының Өрт сөндіру департаментінің апаттық-құтқару қызметі мен өрт сөндіру қызметін үйлестіру жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Бауыржан Бадылбаевтың сөздеріне сүйенсек, аталмыш саланың қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің ережесімен толық таныс емес, осының салдарынан жеке фирмалардың күзетіндегі өнеркәсіп және сауда нысандарында болатын өрттің сандары да өсуде.

"Жүргізілген талдау, күзетшілердің өрт туралы ақпаратты "01" дер кезінде хабарламайтындықтарын көрсетіп отыр",- деді Б. Балдыбаев. "Күзетші өрттің шыққанын 20 минуттан кейін ғана біліп, өрт сөндіру қызметіне хабар береді",- деп атап өтті ол. "Сарбаздар келгенше жалын өрши береді, оны ауыздықтау қиынға түседі, әрине оған көп уақыт кетіп, материалдық құндылықтар бұзылады",- деп кеңес берді өрт сөндіру қызметінің қызметкері.

Келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін, өрт сөндірушілер күзет фирмаларының басшылары мен қызметкерлеріне арнайы мемлекеттік кәсіпорындардағы дәрістерден өтуге кеңес береді. "Онда оқыған күзетші өрт қауіпсіздігінің ережесінің теориялық дәрістен өткендігі туралы біліктілік құжатын алады және де күрделі жағдайларда не істеу керек екендігін білетін болады",- деп түсіндірді Б. Балдыбаев.

Бүгінде Шығыс Қазақстан бойынша күзет қызметін атқаруға лицензия алған фирмалардың саны 250-ге жетіп жығылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны