28.05.2008, 18:10 2893

Шығыс Қазақстан облысының жылу және электр қуатын жеткізетін кәсіпорындары өздерінің қызмет көрсету тарифтерін көтеруді талап етуде

Шығыс Қазақстан облысының жылу және электр қуатын жеткізетін кәсіпорындары өздерінің қызмет көрсету тарифтерін көтеруді талап етуде

Өскемен. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының жылу және электр қуатын жеткізетін кәсіпорындары өздерінің қызмет көрсету тарифтерін көтеруді талап етуде. Бұл туралы қоғамдық тыңдаулар кезінде "ШҚ РЭК", "АЕS Өскемен ТЭЦ", "Өскемен жылу желілері" АҚ жетекшілері мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жылу және электр қуатына орта есеппен бекітілген тарифтер кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізіп, шығындарын өтеуге жеткіліксіз. Біздің шығындарымыз үлкен", - деп айтты кәсіпорын өкілдері. "Өскеменнің жылу желілерінің" директоры Татьяна Тен айтқанындай, 2006-2007 жылдарында жылу қуаты бойынша шығындардың пайда болуы тарифтік сметада бекітілген жылу қуатының тұтыну көлемінің төмендеуі, отынға жұмсалған шығындардың ұлғаюы, тарифтерді бекіту кезінде шығындарды қолдан әдейі азайтудан болған.

"ШҚ РЭК" АҚ 2008 жылдың бірінші тоқсанында 242 млн теңге көлемінде шығындарға ұрынды. Осыған орай біз 2008 жылдың 1 қазанынан тарифтерді 1,6% көтеру жөнінде өтініш беруді жоспарлап отырмыз", - деді "ШҚ РЭК" АҚ директоры Лидия Филимонова.

Осындай өтінішті жылу қуатын жеткізіп отырған кәсіпорындар да тапсыруды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны