09.01.2007, 10:51 3029

Шығыс Қазақстан облыстық бюджетінен гепатит вирусына қарсы вакцина сатып алуға 5 млн. теңге бөлінді

СЕМЕЙ. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облыстық бюджетінен А түріндегі гепатит вирусына қарсы вакцина сатып алуға 5 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Семейдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Бағлан Шегедеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Дерт жұқтыру қаупі жоғары тұрғындар тобы, атап айтсақ, жетімдер үйіндегі балалар, иммунитеті осал адамдар мен қарттар вакцина егу науқанына қамтылады",- деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Б.Шегедеков, алайда, бөлінген қаржыға қанша адамға вакцина егілетінін ашып айта алмады. "Бәр неәрсе вакцинаның құнына байланысты. Ал баға қымбат. Бір доза шамамен 3,5 мың теңге тұрады",- деді ол.

"А түріндегі гепатиттің алдын алудың бір жетекші әдісі - әрине, вакцина егу, алайда, ол жалғыз ғана құтылу жолы емес. Ең басты шарт - жеке бастың тазалығын сақтау",- деді Б.Шегедеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны