02.06.2008, 16:55 3043

Шығыс Қазақстан облыстық экологтар 1 млн астам сынапты аспаптар мен бұйымдарды пайдалы жарату мүмкіндігінің жоқтығына алаңдаулы

Шығыс Қазақстан облыстық экологтар 1 млн астам сынапты аспаптар мен бұйымдарды пайдалы жарату мүмкіндігінің жоқтығына алаңдаулы

Семей. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облыстық экологтар 1 млн астам сынапты аспаптар мен бұйымдарды пайдалы жарату мүмкіндігінің жоқтығына алаңдаулы. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне

"Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік демеркуризациялау орталығы" ЖШС директоры Берік Малаев хабарлады.

Оның айтуынша, қызмет ету мерзімі аяқталған сынапты аспаптар мен бұйымдарды сақтайтын жалғыз орын Семейде бар. "Қазір біз жалға алып отырған жалпы аумағы 1200 гектар қойма жұмыс істеу мерзімі өтіп кеткен люминесцентті лампаларға, тонометрлерге, термометрлерге және басқа да ірі кәсіпорындар мен зауыттарда кеңінен қолданылатын бұйымдарға толы. Сонымен бірге, бұл жерде халықтан алынған 290 килограмм пайдаланылған сынап сақтаулы тұр", -деді Б. Малаев.

Оның айтуынша, "осынау барлқ бұйымдарды пайдалы жарату мәселесі бесінші жылдан бері қаржы тапшылығынан шешілмей отыр - облыста демеркуризациялық зауытты айтпағанда, тіпті сынап құрамын зерттейтін зертхана да жоқ".

"2004 жылы табиғат қорғау бағдарламалары мен табиғатты пайдалануды реттеу департаменті құрамында сынабы бар бұйымдарды пайдалы жарату зауытының құрылысын салуға техника-экономикалық негіздеме жасаған. Бірақ осы негіздеме бүгінгі күнге дейін жұмыс істемей отыр. Бұл облыс басшылығын қайта-қайта алмастыра беруден және жергілікті бюрократтардан салғырттығынан болып отыр", - деді Б. Малаев.

Оның пікірінше, "билік проблеманың күрделілігін тіпті сезіне алмай отыр". "Өкінішке орай, егер тіпті облыстық әкімшілікте департаменттің бірінші басшысы бұл жағдайды түсініп отырса, ал, жағдайды түсінбейтін орта буын мамандары олай қауіптенбейді. Кейде олар тіпті : "люминесценттік лампаларды алып, Ильич шамшырақтарын бұрай салыңыздар" дейтіні бар. Ал бұл абсурд қой!",- дейді Б. Малаев.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Жәнібек Кәрібжанов бұл мәселені Экология жылына арналған бағдарламаға қамтып, болашақ зауыттың жобалық-сметалық құжаттамасына 15 млн теңге бөлуге уәде берген. "Ал жуырда тағайындалған облыс әкімі Иділғазы Бергенев бұл шешімнің күшін жойып, барлық қаржылық мәселелерді облыстық бюджеттен республикалық бюджетке аударды. Ал бұл дегеніңіз, Қаржы министрлігінен барлық келісімдер мен оң қорытынды алғанша 3-4 жыл кетеді деген сөз. Яғни, жер сілкінісі, тасқын немесе өрт секілді қандайбір оқыс оқиға боа қалса, біз жинап отырған миллион данадан аса сынапты бұйымдар мен пайдаланылған сынап аса үлкен қауіп төндірмек. Яғни, біз баяу жұмыс істейтін бомбаның үстінде отырмыз", - деді Б. Малаев.

"Ал люминесценттік лампалардың қаупі сонда, оларда сынап буы бар, ал ол қаупі жағынан бірінші сыныпқа жататын зат. Пайдаланылған лампалар екі жыл сақталуға тиіс, ал олар қоймаларда бесінші жыл жатыр. Ал ауаның температурасы 13 градустан жоғары болған жағдайда сынап булана бастайды, ал бұл адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға аса зиянды", -деді ол.

Б. Малаевтың айтуынша, осының үстіне тағы бір тауқымет қосылды. Осыдан бес жыл бұрын Семейдегі бір кәсіпорыннан пайдаланылған сынапты бұйымдарды сақтайтын қойманы жалға алған арендаторлар артынан оны сатып алуға уәде берген, алайда, қаржы тапшылығынан олар уәдесін орындай алмады. Ал қазір қоймалардың қожайыны орынды босатуды сұрауда.

"Жиналған игілікті қайда апару мәселесі туындады, біз осының мәселесін шешіп, түбегейлі шешім қабылдауымыз қажет, ал қандай шешім қабылдау жөнінде мен нақты ұсыныс айта алмаймын. Облыстық бюджеттен биыл 15 млн теңге бөлінеді деген соңғы үмітіміз үзілді. Яғни, үміт қазір жоқ", - деді Б. Малаев.

Ал облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдар пайдаланылған люминесценттік лампаларды жыл сайын тапсыруда. "Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысындағы 812 мектептің өзі пайдаланылған люминесценттік лампадан 270 мың данасын өткізеді. Бұл оқиғада облыстық әкімшілік пен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ғана жедел түрде мәселеге араласып шеше алады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны