29.12.2016, 10:04 4888

Шығыс Қазақстан теміржолшылары қар көшкіні жүруі мүмкін тұстарды тазалауда

Шығыс Қазақстанда теміржолға жақын тау жақпарларынан үш мыӊ текше метр қар жалдары құлатылды.

Өскемен. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанда теміржолға жақын тау жақпарларынан үш мыӊ текше метр қар жалдары құлатылды. Бүгінгі таӊда жолшылардыӊ қар көшкінін бақылау бригадасы Защита-Зыряновск теміржол телімініӊ қопарғыш құралдарымен жарушылар мен қар тазалау техникаларынан жасақталып, тиісті орындарға бақылау орнатты,- деп хабарлайды "Қазақстантеміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Серебрянск жол дистанциясы еӊбеккерлері қатарында жөндеуші-альпинистер, "Шығысқопарғышкәсіпорны" ЖШС жұмысшылары бірлесіп, пойыздардыӊ өту қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жолды тазартып, ондаған қар көшкіндерініӊ алдын алды.

"Жолдистанциясыныӊ еӊбеккерлері қопарғыш жарылыстарын орындаушылармен бірлесе отырып, соӊғы үш күнде Ермаковка- Огневка қумажолыныӊ 59-шақырымында және 41- шақырымында, ЖаӊаӨскемен -Ермаковка қумажолыныӊ 30- шақырымында қопарылыс жасады. Сондай ақ Серебрянка- Огневканыӊ 73-ші шақырымда жару жұмыстарын атқарды",-дейді Серебрянск жол дистанциясы директорыныӊ жасанды имараттар жөніндегі орынбасары Бауыржан Ахметов.

Қар көшкіндерініӊ алдын алу шаралары қараша айында басталды. Олкезде тау беткейлерінен 600 текше метр қартеміржолдантөменгеысырылды.

Осылайша, Серебрянск жолдистанциясы еӊбеккерлері қатарында жөндеуші-альпинистер, "Шығысқопарғышкәсіпорны" ЖШС жұмысшылары ондаған қар көшкіндерініӊ алдын алды. Теміржолға жақын тау беткейлеріндегі қауіпті қар жалдарыныӊ қалыӊдығы кей жерлерде 90 сантиметр болса, кей тұстарда екі метрге дейін барады.

Алдын алу шаралары кезінде арнайы қар тазалау техникалары да жиі қолданылады.

Барлық тау беткейлеріндегі жақпарлы етектерінде теміржол өтетін тұстарда тәулік бойы бақылау орнатылған.

Қазіргі таӊда тау бөктеріндегі телімнен жүк және жолаушылар пойыздары кесте бойынша өткізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны