21.09.2007, 16:59 2953

Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында браконьерлер ұсталды

Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында браконьерлер ұсталды.

Астана. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында мемлекетке тиісінше 218 400 және 163 800 теңгенің шығынын келтірген браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі . передает агентство со ссылкой на пресс-службу отдела природоохранной полиции Комитета административной полиции МВД РК.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облыстық полициясының қызметкерлері заңсыз аңшылық деректерін анықтау үшін жүргізген рейд шаралары барысында СКС карабинімен марал атып алған Күршім ауданының тұрғынын құрықтады. "Айғақзаттар ретінде СКС қаруы мен маралдың еті тәркіленді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Шығын көлемі 218 400 теңге болды",- дейді ондағылар.

Сонымен бірше, Атырау облыстық ІІД рейд шаралары барысында Атырау - Индер тас жолының бойында "ГАЗ-3110" көлігін айдаған Индер ауданының тұрғынын ұстады. "Автокөлікті тексеру барысында үш аққудың өлімтігі, 16-шы калибрлі ТОЗ-34 маркалы қосауыз мылтық пен 18 оқ табылған. Шығын көлемі 163 800 теңге болды", -деп хабарлайды мекеме.

Қазір екі оқиға бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 288 бабы (заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны