15.01.2008, 15:23 1989

Шығыс Қазақстанда бүкіл автокөліктің оннан бір бөлігі бұзылған деп танылды

Шығыс Қазақстанда бүкіл автокөліктің оннан бір бөлігі бұзылған деп танылды

Семей. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында пайдаланудағы бүкіл автокөліктің оннан бір бөлігі бұзылған деп танылды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының бастығының орынбасары Виктор Семенов.

Оның ақпаратына сүйенсек, 2007 жылы жол полициясы 150763 көлікті тексерген. Оның 13774 бұзылған.

"Осылайша, автокөліктің техникалық жағдайы әрқашан ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Көлікті Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы заңға сәйкес пайдалану керек. Оның басты талаптарының бірі көлікті дер кезінде мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу", - деп атап көрсетті В. Семенов.

Ол 2007 жылы жол полициясы нөмірлері ұрылған белгілері бар 37 автомотокөлік құралын анықтаған. 153 жүргізушінің көлік нөмірлері мен көлік құралын тіркеу куәлігіндегі нөмірдің сәйкес келмеуіне байланысты проблема туындады. Енді олар аталмыш көлік құралдары өздеріне тиесілі екендігін дәлелдеулері керек", - деді В. Семенов. Өткен жылы қолдан жасалған екі техникалық төлқұжат анықталған.

Барлық деректер бойынша 74 материал жасақтаған. Оның 68-і тергеуге жіберілген.

Жол полициясы басқармасының ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында 195345 көлік құралы тіркелген. Оның 25 мыңнан астамы заңды тұлғалардың, шамамен 170 мыңы жеке тұлғалардың меншігінде екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны