09.07.2015, 17:40 4306

Шығыс Қазақстанныӊ өрт сөндірушілері "Ледокол" авариялық-құтқару кемесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді

Шығыс қазақстандық өрт сөндірушілерге өртті жерде ғана емес, суда да өшіруге тура келеді. Иртүрлі қауіпті, ойламаған жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан, бәріне де әзір болу керек.

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - Шығыс қазақстандық өрт сөндірушілерге өртті жерде ғана емес, суда да өшіруге тура келеді. Иртүрлі қауіпті, ойламаған жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан, бәріне де әзір болу керек. Облыс суқоймаларында соӊғы жылдары өрттер тіркелген жоқ. Дегенмен, судағы кемелерде де жану, тұйықталу немесе өтіп бара жатқан басқа бір кемемен соқтығысулары мүмкін... Қазаға ұшырамау және шығын болдырмау үшін, ШҚО-да ірі авариялық-құтқару кемесі бар, ол өртті өшіруге және адамдарды құтқаруға арналған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өрт сөндірушілер жаттығу мақсатында үнемі аймақтыӊ суқоймасында тактикалық оқу-жаттығулар өткізіп тұрады. Ондағы жағдайлар шындыққа ұқсастырып жасалады. Сондай "шартты" түрдегі өрт жуықта Ертіс өзенінде орын алды. Қысқа тұйықталу нәтижесінде сүйрету кемесініӊ ішінде өрт шығады. Команда өртті көріп, тез арада "101" қоӊырау шалады, бірақ қатты жел салдарынан өрт жағадағы құрылыстарға тарап кетеді.

Біраз уақыттан кейін №4-ӨСБ мен мамандандырылған жасақ жауынгерлері оқиға орнына келіп жетті. Құтқарушылар моторлы қайықпен судағы зардап шегушілерді құтқаруға кетті, ал өрт сөндірушілер "Ледокол" кемесіне кіріп, алдын ала жанып жатқан нысанға жақындағанға дейін жауынгерлік өрт сөндіру аспаптарын даярлай бастады. Өртті сөндірмес бұрын кеменіӊ капитаны сәулелі энергиядан қорғау мақсатында жерды суландыруды өшіріп тастады. Содан соӊ барып, №4-ӨСБ бөлімшесі жанып жатқан кемеге суды лафетті үш бағаннан беріп, өшіре бастады. Осы уақытта құтқарушылар тобы судағы зардап шегушілерге көмек көрсетті. Дәрігер оларға алғашқы жедел көмек көрсетті. Өртті оқшаулағаннан кейін зардап шеккен кемені жағаға сүйреп шығарды.

"Ледокол-2" кемесі үш өрт сөндіру сорғыштарымен жабдықталған. Онда 4 лафетті қондырғы бар. Кемені жағадағы өрттерді сөндіру мақсатында сорғы стансасы ретінде қолдануға болады. Кеме қалыӊдығы 80 см мұзды жарып жүре алады. Бүгінгі күні ол Ертіс суқоймасындағы еӊ ірі авариялық-құтқару кемесі, оныӊ су сыйымдылығы 255 тонна болады.

Шығыс Қазақстан облысыныӊ ТЖД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны