24.01.2019, 18:35 6696

Шығыс өӊірініӊ теміржолшылары шамамен 2 мыӊнан астам шақырым жолды қардан тазартты

Жұмысқа шамамен 300 теміржолшы тартылды. Станцияларда жол шаруашылығы қызметкерлері, қар бұрқасыны кезінде бағыттамалы бұрмалардыӊ жағдайына жауаптылар тәулік бойы кезекшілік етті.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - 18 мен 21 қаӊтар аралығында, ауа райыныӊ күрт бұзылуы жағдайында шығыс өӊірініӊ барлық станцияларында арнайы техникаларды пайдалана отырып, түскен қалыӊ қардан жолдарды тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.

Жұмысқа шамамен 300 теміржолшы тартылды. Станцияларда жол шаруашылығы қызметкерлері, қар бұрқасыны кезінде бағыттамалы бұрмалардыӊ жағдайына жауаптылар тәулік бойы кезекшілік етті.

Қар тазарту жұмыстарына 44 дана қартазалау және қараршу техникалары жұмылдырылса, бұл ретте 2,5 мыӊ шақырым жол қардан аршылып, 10000 текше метр қар шығарылды.

Жол дистанциясы қызметкерлерініӊ күш-жәгері арқасында пойыздар қозғалысыныӊ кестесі бұзылған жоқ. Ауа райыныӊ күрделі жағдайы мен қардыӊ ұйытқуы орын алуы мүмкіндігі ескеріліп, пойыздарды қауіпсіз және үздіксіз өткізуді қамтамасыз ету үшін күн сайын нақты шаралар қабылдануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны