30.09.2015, 18:07 6756

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты бөлімдердіӊ кіші офицерлер құрамы қайта емтихан тапсырды

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты бөлімдердіӊ кіші офицерлер құрамын аттестаттау аяқталды. Емтихан тексеруіне барлығы 1 670 офицер тартылды. Нәтижесінде олардыӊ 40 %-ы өздерініӊ әскери білімдерін, ептілігін дәлелдеп, жоғарғы лауазымдар резервіне қосуға ұсынылды. Қалған 60 %-ы барлық сынақтар мен емтихандарды сәтті тапсырып, өздерініӊ кіші буын командирлері ретіндегі біліктілігін көрсетті

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты бөлімдердіӊ кіші офицерлер құрамын аттестаттау аяқталды. Емтихан тексеруіне барлығы 1 670 офицер тартылды. Нәтижесінде олардыӊ 40 %-ы өздерініӊ әскери білімдерін, ептілігін дәлелдеп, жоғарғы лауазымдар резервіне қосуға ұсынылды. Қалған 60 %-ы барлық сынақтар мен емтихандарды сәтті тапсырып, өздерініӊ кіші буын командирлері ретіндегі біліктілігін көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысыныӊ басқармасы кадрлар бөлімініӊ бастығы подполковник Михаил Пичкаревтыӊ сөзіне сүйенсек, офицерлік құрамды аттестаттау - түрлі деӊгейде дайындалатын командирлерге баға беру. Сонымен қатар, өздерін қызметте жақсы қырынан көрсеткен талантты офицерлерге, жаӊа мансаптық өсу сатысын айқындау болып табылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

ҚР Қарулы Күштерінде аттестация әр үш жылда жүргізіледі. Одан атағы мен лауазымына қарамастан барлық офицерлер өтеді. Бала күтімі жөніндегі демалыстан кейін қызметке кіріскен әйел-әскери қызметшілер, сондай-ақ 2015 жылғы жоғарғы әскери оқу орнын бітірушілерден басқаларыныӊ барлығы өтеді.

Естеріӊізге сала кетсек, биыл ҚР ҚК офицерлер корпусын жоспарлы аттестаттауы екі кезеӊ бойынша өтуде. Ағымдағы жылдыӊ 12 қаӊтары мен 1 маусымында офицерлер, әскери лауазымдағы қызметкерлер, батальондар (дивизиондар), бөлімдер командирлері мен олардыӊ орынбасарлары, сондай-ақ қызметте және жеке мінез-құлқында кемшіліктері бар офицерлер өтті. Атап айтсақ, осы жылдыӊ 1 маусымынан бастап 1 қарашаға дейінгі екінші кезеӊде қалған бар офицерлік құрам аттестациядан өтетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны