10.12.2015, 11:47 3791

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында сержанттардыӊ курстық даярлығы аяқталды

ҚР Қарулы Күштерініӊ "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында 2015 жылы сержанттар құрамыныӊ курстық даярлықты өтуініӊ талдауы жүргізілді

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерініӊ "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында 2015 жылы сержанттар құрамыныӊ курстық даярлықты өтуініӊ талдауы жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ мақсаты кіші сержанттар құрамыныӊ кәсіби деӊгейін арттыру, кәсіби даярлық шеӊберінде олардыӊ білімін тексеру, сәтті практикалық қызмет үшін жеткілікті көлемде сержанттардыӊ әскери, техникалық және арнайы білімді игеруі, оқыту мен тәрбиелеудіӊ бірыӊғай әдістемесін айқындау, бағыныстыларды оқытып-үйретуде инновациялық, перспективті үлгілер мен әдістерді енгізу болып табылды.

2015 жылы курстық даярлықта 230 сержант оқытылды, оныӊ 33%-ы - жоғары оқу орындарында және 67%-ы - "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында. Өткен жылы 265 сержант, 2013 жылы - 151 сержант оқытылды.

Курстық даярлық қорытындысы бойынша 40398 әскери бөлімініӊ сержанты аға сержант Ш.Рақышев, 28738 әскери бөлімі батареясыныӊ сержанты аға сержант Б.Айтбаев, 44736 әскери бөлімі ротасыныӊ сержанты 3-сыныпты сержант Қ.Сәлменов, 27943 әскери бөлімініӊ рота сержанты 3-сыныпты сержант Қ.Иділов, 10810 әскери бөлімініӊ бөлімше командирі кіші сержант А.Мұхаметқалиев жақсы жағынан атап өтілді.

Құрамалар мен әскери бөлімдер арасындағы рейтингте 10810 және 27943 әскери бөлімдерініӊ сержанттары жақсы жағынан атап өтілді.

Жалпы алғанда, үлгерімніӊ орташа есебі 4,2 балды құрады. Бұл курстық даярлау әдісімен өткізу әрі қарай сержанттарға лауазымдық арналуына сәйкес өздерініӊ функционалдық міндеттерін орындауға мүмкіндік беретінін растайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны