12.08.2008, 18:41 2902

"Шығысэнерготрейд" Қызылордадағы үйдің ішкі желілерін жабдықтаудан бас тартты

"Шығысэнерготрейд" Қызылордадағы үйдің ішкі желілерін жабдықтаудан бас тартты

Қызылорда. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Шығысэнерготрейд" ЖШС Қызылордадағы үйдің ішкі желілерін жабдықтаудан бас тартты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Шығысэнерготрейд" ЖШС Қызылорданы электр қуатымен жабдықтаушы компания. Өзінің негізгі қызметінен бөлек үйдің ішкі қуат желілері мен есептеу құралдарының тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етумен және олардың қауіпсіздігімен айналысқан. Компания қаланың қуат нарығына кірер алдында осы талапты орындауға мәжбүр болған еді", - деп көрсетілген хабарламада. Бұл ретте үйдің ішкі желілеріне қызмет көрсету компания үшін шығынды болғаны айтылған.

Сондай-ақ, Қызылорданың энергиямен жабдықтау нарығынан компанияның кетуіне байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып "Шығысэнерготрейд" ЖШС 2008 жылдың тамыз айының басынан бастап үйлердің ішкі қуат желілеріне қызмет көрсетуден бас тартатыны жайында ресми түрде мәлімдейді", деп көрсетілген хабарлама мәтінінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны