11.08.2008, 17:29 3262

"Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы электр қуатының бағасы бойынша есептеулерді қоғам назарына ұсынды

"Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы электр қуатының бағасы бойынша есептеулерді қоғам назарына ұсынды

Өскемен. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы электр қуатының бағасы бойынша есептеулерді қоғам назарына ұсынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін қоғамдық тыңдау кезінде энергетиктер электр қуатының бағасының екі түрін көрсетті. "Біріншісінде тұтынушылардың барлық тобына (заңды және жеке тұлғаларға) электр қуатының кВт-сағаты қосымша құн салығын (ҚҚС) 5,73 теңгені құрайды. Екіншісінде халық үшін диференциалды бағаны енгізуді қарастырады. Бұл жоба іске асқан жағдайда орташа баға пайдаланған кВт-сағаттың мөлшеріне байланысты болады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Шығысэнерготрейд" ЖШС есептеулері бойынша айына 100 кВт-сағаттан артық тұтынылмаған жағдайда ҚҚС есептелмегендегі кВт-сағат 4,324 теңгені құрайды. Айына 100 - 250 кВт-сағат пайдаланылса, онда электр қуатының бағасы кВт-сағатына 4,973 теңгемен есептелінеді. Ол да ҚҚС есептелмегендегі баға. Ал 250 кВт-сағаттан артық пайдалансаңыз ҚҚС қоспағанда кВт-сағатына 6,241 теңге бағамы бойынша есептесесіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны