31.10.2007, 16:47 6187

"Шығысэнерготрейд" ЖШС тұрғындар үшін электр қуатының бағасын төмендетуге жөніндегі акцияны тоқтатты

"Шығысэнерготрейд" ЖШС тұрғындар үшін электр қуатының бағасын төмендетуге жөніндегі акцияны тоқтатты

Семей. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Шығысэнерготрейд" ЖШС тұрғындар үшін электр қуатының бағасын төмендетуге жөніндегі акцияны тоқтатты. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Шығысэнерготрейд" компаниясы тұтынушылар мен жұртшылықты 2007 жылдың 10-қарашасынан бастап тұрмыстық тұтынушылар үшін электр қуаты бағасын қайта есептеу тоқтатылатындығы және бұрынғы бір кВт/сағатына 3,93 теңге емес, бұрын белгіленген 4,93 теңге болатындығы туралы хабардар етті.

Баспасөз қызметіндегілер, тұрғындар электр қуатын бір кВт/сағатына 3,74 теңгемен 2007 жылдың 1-сәуірі мен 30-маусымы аралығында, сондай-ақ 2007 жылдың 1-шілдесінен 10-қарашасына дейін 3,93 теңгемен алып тұрғандығын еске сала кетті. "Тұрмыстық тұтынушылар үшін қайта есептеу Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі мен "Шығысэнерготрейд" мемлекеттік компаниясының біріккен әлеуметтік саясаты аясында жүргізілген облыс тұрғындарын әлеуметтік тұрғыдан қолдау шарасы болып табылады",- деп түсіндіріп өтті баспасөз қызметіндегілер.

"Қайта есептеуді тоқтатуға әлеуметтік іс-шара жүргізілген 7 ай ішінде және облыстың жекелеген коммуналдық кәсіпорындарының жиналып қалған үлкен қарыздарынан электр қуатын сатып алуға және оны соңғы тұтынушыға дейін жеткізуге қатысты көрсетілетін қызмет төлемін төлеу қаржысының тапшылығының туындауы себеп болып отыр", деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

"Бұл жағдай "Шығысэнерготрейд" ЖШС негізгі функциясын орындауына - облысты сапалы қуатпен қамтамасыз етуге әсер етеді",- деп қорытындылады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны