06.07.2018, 14:59 4991

Шығысқазақстандықтар "Астана 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды

Бұл күні мемлекет басшысыныӊ жарлығымен "Астана 20 жыл" медалімен Қазақстанныӊ және Елорданыӊ қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан еӊбек ардагерлері, қоғамныӊ белсенді өкілдері, түрлі сала мамандары мен өӊірдіӊ өзге де белгілі қайраткерлері марапатталды.

Өскемен. 6 шілде. Kazakhstan Today - Елорданыӊ мерейтойы қарсанында әр салада еӊбек етіп жүрген шығысқазақстандықтар бүгін "Астана 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. Облыс әкімі Даниал Ахметов марапатталғандарға Елбасы аманатын табыс етіп, атқарған адал қызметтеріне алғысын білдірді.

- Құрметі жерлестер, еліміздіӊ мерейлі мерейтойы - Астанамыздыӊ 20 жылдығымен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Мемлекетіміздіӊ болашағы үшін бірге еӊбек етіп, жетістіктеріне бірге қуанайық! Жас Астанамыз өркендеп, көркейе берсін. Баршаӊызға сәттілік тілеймін! - деді Даниал Ахметов.

Бұл күні мемлекет басшысыныӊ жарлығымен "Астана 20 жыл" медалімен Қазақстанныӊ және Елорданыӊ қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан еӊбек ардагерлері, қоғамныӊ белсенді өкілдері, түрлі сала мамандары мен өӊірдіӊ өзге де белгілі қайраткерлері марапатталды.

Жалпы, "Астана 20 жыл" медалімен ШҚО-ныӊ 136 тұрғыны наградталады деп күтілуде.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны