13.08.2012, 15:29 2992

Шілде айында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 12,8% артты

"Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 2012 жылдың маусым айында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 50 601 теңгені құрап, 2011 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 12,8% артты. Нақты ақшалай табысы 7,5% өсті",- делінген ведомствоның хабарламасында.

Астана. 13-тамыз. Kazakhstan Today - 2012 жылдың маусым айында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 50 601 теңгені құрап, 2011 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 12,8% артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігі хабарлады.

"Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 2012 жылдың маусым айында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 50 601 теңгені құрап, 2011 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 12,8% артты. Нақты ақшалай табысы 7,5% өсті",- делінген ведомствоның хабарламасында.

2012 жылдың маусым айында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысының көлемі бойынша алдыңғы қатарда Атырау облысы, Алматы қаласы және Маңғыстау облысы тұр, мұнда аталған көрсеткіш республикалық орташа деңгейден 2,2-1,7 есе артық.

Сонымен қатар, нақты ақшалай табыстың қарқынды өсуі Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында байқалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны