02.07.2019, 22:54 8779

Шілде айында синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруі болжанылады

Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысады, онымен біргедауылды жел соғады, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады, сондай-ақ бұршақ, найзағай және дауыл түріндегі конвективті құбылыстар күтіледі.

Нұр-Сұлтан. 2 шілде. Kazakhstan Today - Шілде айында синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруі болжанылады: батыс антициклондардың енуі оңтүстік циклондардың шығуыменауыстырылады.

Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысады, онымен біргедауылды жел соғады, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады, сондай-ақ бұршақ, найзағай және дауыл түріндегі конвективті құбылыстар күтіледі. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығындаауа температурасыкүндіз +17+26?С-қа дейін төмендеуі болжанады.Оңтүстікте қатты ыстықтан кейін ауа температурасы +25+33?С-қа дейін төмендеуімен қатар нөсер жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды.

Екінші және үшінші онкүндіктерде сынап бағаналары солтүстік, орталық пен шығыста түнде +10+15?С-тан +15+20?С-қа дейін, күндіз +25+30?С-тан +30+38-қа дейін ауытқиды; республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысжәне батысында түнде +15+20?С-тан+20+30?С-қа дейін, күндіз +30+38?С-тан +35+45?С-қа дейін ауытқиды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны