25.12.2014, 11:56 3850

Шымкент әкімдігі: "2015 жылы қаладағы апатты үйлер бұзылады"

Шымкентте жарылыс орын алып, бүлінген үй бұзылды. Арнайы техниканыӊ күшімен қиратытылып, сүріліп тасталды. Ал жергілікті билік өкілдері жермен-жексен болған баспананыӊ орны ойсырамайды деп сендіреді.

Шымкент. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте жарылыс орын алып, бүлінген үй бұзылды. Арнайы техниканыӊ күшімен қиратытылып, сүріліп тасталды. Ал жергілікті билік өкілдері жермен-жексен болған баспананыӊ орны ойсырамайды деп сендіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бейсен Жанбосынов, Шымкент қаласы кәмініӊ орынбасары: "Қала әкімдігі тарапынан осы үйдіӊ орнына басқа тұрғын үйді соғу жөнінде тапсырма берілді. Оған байланысты 2015 жылы қаладағы барлық апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары жүргізіледі.", деп хабарлайды kz.otyrar.kz тілшісі.

Еске сала кетсек, Шымкенттегі тұрғын үйлердіӊ бірінде 20-желтоқсан күні кешке жарылыс болды. Қазіргі таӊда үйінен айрылған сегіз отбасыныӊ үшеуі туыстарын жағалап кетіпті. Ал бесеуі жатақханаға қоныс аударған. Мұнда оларға әлеуметтік ұйымдар көмек қолын созуда. Оқушыларға кітап-дәптер әкелген. Ал мектеп ұжымы оқушылар үшін жатақханаға арнайы келіп, сабақ өтіп жатыр.

Роза Корчагина, тұрғын: "Жатақхана жылы, біз келгелі жуынатын бөлмені де жөндеп қойды. Жаӊа төсек-орын берді. Бірақ тағы да айтқым келеді И үйімдегі техникалық қондырғыларымныӊ барлығы да жаӊа еді. Құжаты мен қажетті заттарымныӊ барлығы өртенді. Енді құжатты қайта жасап, үй алуды көздеп отырмыз."

Қала әкімдігі өкілдерініӊ айтуынша, бұл азаматтарға үй беріледі. Бүгін-ертеӊ болмаса да қыс ауасында күйбеӊге түскендер жаӊа жылдыӊ І тоқсанында баспаналы болуы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны