07.05.2008, 17:25 2911

Шымкент басшылығы жергілікті хайуанаттар бағына арнап 42 млн. теңге бөлді

Шымкент басшылығы жергілікті хайуанаттар бағына арнап 42 млн. теңге бөлді

Шымкент. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент мәслихаты жергілікті хайуанаттар бағына арнап 42 млн. теңге бөлді. Бұл туралы хайуанаттар бағы директорының шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары Бақыт Жанайбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мәслихат бізге 42 млн. теңге бөлді, бұл қаржы салық бойынша берешекті өтеуге жұмсалады. Берешектің ішінде айрықша қорғаудағы табиғи аймақты пайдаланғанымыз үшін бірнеше жылға салықтан қарыздармыз", - деді Б. Жанайбеков.

"Қалған ақшаны біз баққа арнап шөп, жем, ет, жеміс пен көкөніс сатып алуға жұмсаймыз. Бұл жеткілікті қаржы", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны