31.03.2008, 12:55 4192

Шымкент цемент зауыты мен ОҚО әкімдігі ортақ мәмілеге келді

Шымкент цемент зауыты мен ОҚО әкімдігі ортақ мәмілеге келді

Шымкент. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (ОҚО) "Шымкентцемент" АҚ басшылығымен ортақ мәмілеге келді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Шымкентцемент" АҚ бас директорының көмекшісі Гүлім Нұржанова хабарлады.

"Біз ОҚО әкімдігімен қарым қатынас жасау жөнінде келісімге қол қойып, мәмілеге келдік. Бүгінгі кезде зауыт ұжымы өндіріс жұмыстарының дайындықтарын жасауда", - деп хабарлады Г. Нұржанова.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен жылдың аяғында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі "Шымкентцемент" АҚ 1997 және 2003 жылдары жасаған жер астын пайдалану жөніндегі келісім шартын бір жақты тәртіппен бұзды. Шарт бойынша "Қазығұрт, "Абылай", "Текесу" кен орындарының тау кен жұмыстарын дамыту жоспары әкімдікпен келісілуі тиіс болатын. Кәсіпорын сондай-ақ,өз міндеттемелерін орындамай кеніш орнынан айрылып өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2007 жылы "Шымкентцемент" АҚ 950 мың тонна цемент шығарған (2006 жылы - 825 мың тонна).

"Шымкентцемент" АҚ құрамына кіретін Шымкенттің цемент зауыты Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі цемент зауыты болып табылады. Кәсіпорын 1959 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Зауытты 1999 жылы шетелдік "Italcementi Group" инвесторлары сатып алған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны