27.05.2008, 14:45 3202

Шымкент дендропаркі тағы да сусыз қалды - телеарна

Шымкент дендропаркі тағы да сусыз қалды - телеарна

Шымкент. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент дендропаркінде су тапшылығы салдарынан ағаштар мен бұталар қурай бастады, деп хабарлайды агенттік жергілікті "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

"Дендропаркте 4 мамырдан бері суару жұмыстары жүргізілген жоқ. Қайыңдар, қырым қарағайлары мен басқа да ағаштар мен бұталар қурай бастады", - деп хабарлады журналистерге дендропарк басқарушысы.

Дендропарк қызметкерлерінің айтуынша, магистральдық канал мен дендропарк арасындағы төрт шақырымдық су құбырымен су келмей қалды, оған тұрғындардың өздеріне тиесілі учаскелерді суару үшін көп жерден құбырға қосылуы себеп болмақ. Мұндай проблема бірнеше жылдан бері бар.

"Егер су болмаса, екі-үш жылда дендропарк құриды. Бәрі кеуіп қалады. Сондай-ақ, бұл жерде бұрынғы қалалық қоқыс төгетін орын бар, төменгі жағынан қызынатындықтан, оған тұрақты су шашып отыру керек. Аптасына бір рет міндетті түрде суару қажет. Ал бізде су тапшылығы бірнеше жылға созылды", - деді дендропарк басқарушысы.

Шымкент дендропаркінің іргетасы 1980 жылы бұрынғы қалалық қоқыс төгетін орында қаланған. Дендропарк өзінің гүлденіп тұрған тұсында 151 гектар жерді иемденіп, онда 500 мыңдай 1360 түрлі ағаштар мен бұталар болды. Олардың басым бөлігі сирек әрі аса экзотикалық тұқымға жатады. Мәселен, 2004 жылы мұнда алғаш рет отаны Солтүстік Америкадағы қызғалдақ ағашы өсім берді.

Қазір дендропарк аумағы азайды, өйткені, оның аумағының бір бөлігін жеке меншік құрылысқа басып алған. Сондай-ақ, өсімдік түрлерінің саны да екі есе азайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны