15.09.2016, 14:31 4051

Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасы 30 миллион теӊгеге Ресейден сатып алынған кешенмен жабдықталды

Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасы "Кардиометр - МТ" кешенiмен қамтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасы "Кардиометр - МТ" кешенiмен қамтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсетуде бұл құрылғыныӊ пайдасы өте зор. Жүрек ауруларын ерте анықтап, тез шешiм қабылдауға мүмкiндiк беретiн құрылғыныӊ жұмысы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Сейiтжамал Пәкеев баяндап бердi.

Оныӊ айтуынша, Ресейде шығарылған заманауи құрылғы жедел жәрдем көлiктерiне орнатылған. Оған облыс бюджетiнен 30 миллион теӊгеге жұмсалған. Бұдан былай жедел жәрдем бригадасыныӊ қызметкерлерi науқастыӊ жүрегiн кардиограммаға түсiрiп, оны осы құрылғы арқылы орталыққа жiбередi. Ұялы телефонға арнайы бағдарлама орнатылған. Орталықта тәулiгiне 24 сағат бойы аса бiлiктi кардиологтар кезекшiлiк жасайды. Сол дәрiгер өзiнiӊ компьютерiне жеткен электронды кардиограмманы сараптап, науқасқа ем тағайындайды. Егер жағдайы тым ауыр болса, дереу кардиоорталыққа жiбередi.

"Енді дәрiгерлерiмiз онлайн байланыста жұмыс iстейдi. Бұрын жедел жәрдем бригадасыныӊ фельдшерi науқастыӊ диагнозын дәл қоя алмаса, қосымша бригада шақырып, уақыт жоғалтатын.Қазір ғаламтор арқылы бірден диагноз қойылады", - дедi басқарма басшысы.

Мамандардыӊ айтуынша, 1 қыркүйектен бастап іске қосылған жаӊа құрылғы қазірдіӊ өзінде тиімділігін дәлелдеп үлгерген. Бұл іс-шаралар арқылы өӊірде инсульт пен инфаркт салдарынан болатын өлім-жітім саны азаяды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны