11.11.2018, 22:25 3948

Шымкент қаласы әкімдігі мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" арасында меморандумға қол қойылды

Кездесу барысында тараптар оқу орныныӊ озық педагогикалық тәжірибелерін өзге мектептерге тарату және қаладағы инновациялық білім берудіӊ сапасын арттыру жайын сөз етті.

Шымкент. 11 қараша. Kazakhstan Today - Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымыныӊ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар оқу орныныӊ озық педагогикалық тәжірибелерін өзге мектептерге тарату және қаладағы инновациялық білім берудіӊ сапасын арттыру жайын сөз етті.

Бүгінгі таӊда білім беру жүйесініӊ жаӊа сапалық деӊгейге өту қажеттілігі арта түскенін айтқан қала басшысы инновациялық білім берудіӊ сапасын арттыруда ортақ мүдделерге бірлесіп қол жеткізуді көздеп отырғанын жеткізді.

Меморандумныӊ мақсаты - балаларды тәрбиелеу және оқыту, білім беру ұйымдарын басқару саласында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымыныӊ тәжірибесін тарату, сонымен қатар, аймақта инновациялық білім беруді дамыту бағытында педагогтардыӊ кәсіби деӊгейін арттыру болып табылады.

Басқосу соӊында қала әкімдігі мен "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы арасында өзара ынтымақтастық орнату жөнінде меморандумға қол қойды. Болашақта меморандум негізінде қаладағы мектеп мұғалімдері "Назарбаев зияткерлік мектептерініӊ" озық педагогикалық тәжірибелерін меӊгеретін болады.

Жаӊартылған білім мазмұны аясында біліктілікті жетілдіру бағдарламалары Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қолданылатын оқытудағы және оқудағы жаӊа тәсілдер, осыған орай 2016-2018 жылдар аралығында қала мектептерінен 11736 мұғалім, Кембридж университеті мен "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ-ныӊ бірігіп жасаған деӊгейлік бағдарламалар аясында 636, мектеп үйлестірушілер курсынан 170, мектеп тренерлерін дайындайтын курстан 482 педагог біліктіліктерін жетілдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны