30.09.2016, 18:42 6996

Шымкент қаласында 6-7 қазан күндері "Ontustik Tourism - 2016" халықаралық туристік форумы өтеді

Түркістан мен Шымкент қаласында және Ақсу-Жабағылы қорығы маӊында этноауылдар құрылады.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан мен Шымкент қаласында және Ақсу-Жабағылы қорығы маӊында этноауылдар құрылады. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында "Ontustik Tourizm Center" орталығы директорыныӊ орынбасары Олжас Шынтаев мәлімдеді,- aai oaaa?eaeau Kazakhstan Today.

"Шымкент қаласында 6-7 қазан күндері "Ontustik Tourism - 2016" халықаралық туристік форумы өтеді. Облыс әкімдігініӊ тікелей қолдауымен өтетін форумға елімізбен қатар әлемніӊ 10-нан астам мемлекетінен делегациялар қатысады. ЮНЕСКО 2017 жылды туризм жылы деп жариялады. Біз осыған байланысты және келесі жылы елімізде өтетін ЕХРО - 2017 көрмесіне дайындық ретінде бірқатар жұмыстарды қолға алдық. "OntustikTourism - 2016" форумында әуелетті бизнес-серіктестіктермен В2В кездесулер өтіп, маӊызды меморандумдар түзіледі деп күтілуде. Туризмді дамыту бағытында қазірдіӊ өзінде жұмыстар басталып кетті. Мәселен, облысымызда бой көтеретін этноауылдарда қазақ халқыныӊ мәдениеті, тұрмыс салты, ұлттық тағамдары шетелдіктерге таныстырылады. Үш жобаныӊ біреуіне инвестор дайын. Қалған екеуін қаржыландыру мәселесі таяуда шешіледі", - деді ол.

Баспасөз-мәслихатында "Шымкент" ИКК" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Мәлік Жүйріктаев "Ontustik Tourism - 2016" форумына ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ, әкімдіктердіӊ, дипломатиялық корпустар мен туристік компаниялардыӊ, шетелдердегі туризм саласына жауапты министрліктердіӊ жауапты тұлғалары, әуе компаниялары мен қоғамдық ұйымдардыӊ өкілдері келетінін мәлімдеді. Осы форум аясында көптеген келісім-шарттарға қол қойылып, өӊірдіӊ туризм саласын дамытуға инвестиция тартылады деп күтілуде. Форум аясында "Оӊтүстік Қазақстан облысы - Жібек жолыныӊ жүрегі" тақырыбында бизнес-конференция және "Silk Way Tourism Fair" туристік көрмесі ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны