27.07.2018, 17:11 5475

Шымкент қаласында алаяқтықпен айналысқан азаматша ұсталды

Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби ПБ-ніӊ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті азаматшаны ұстады. Полиция қызметкерлерініӊ анықтағанындай күдікті азаматша қаладағы сауда үйлердіӊ бірініӊ алдында Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, сеніміне кіру арқылы алаяқтық жолмен, 1 350 000 теӊге ақшасын иемденіп кеткенін анықтаған.

Шымкент. 27 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби ПБ-ніӊ кезекші бөліміне бір тұрғын арызданған, онда таныс адамы Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, ақшасын иемденіп, уәдесін орындамай кеткені туралы жазып көрсеткен.

Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби ПБ-ніӊ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті азаматшаны ұстады. Полиция қызметкерлерініӊ анықтағанындай күдікті азаматша қаладағы сауда үйлердіӊ бірініӊ алдында Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, сеніміне кіру арқылы алаяқтық жолмен, 1 350 000 теӊге ақшасын иемденіп кеткенін анықтаған.

Тергеу барысында ұсталған күдіктініӊ алаяқтықтыӊ басқа да жайтына қатысы бар екендігін анықтауда. Қазіргі таӊда күдікті қамауда.

Қазіргі таӊда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-ніӊ "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары алаяқтардыӊ құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді.

Ешкімге сене бермеӊіз және алаяқтыӊ арбауына түсіп қалмаӊыз.

Егер де Сіз, осындай қылмыстыӊ жәбірленушісі немесе куәгері болсаӊыз, тез арада "102" полицияға хабар беріӊіз.

Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны