17.07.2018, 21:54 5632

Шымкент қаласында алғашқы басқармалар құрылды

Шымкент қаласы әкімдігініӊ алғашқы бес басқармасы құрылды. Тіпті, уақытша сынақ мерзімімен аталмыш басқармалардыӊ басшылары да тағайындалды.

Шымкент. 18 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент қаласы әкімдігініӊ алғашқы бес басқармасы құрылды. Тіпті, уақытша сынақ мерзімімен аталмыш басқармалардыӊ басшылары да тағайындалды.

Атап айтқанда, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысыныӊ міндетін Ахмет Өтегенұлы Татыбаев атқармақ. Аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін ол Абай ауданыныӊ әкімі қызметін атқарған.

Еӊбек инспекциясы және көші-қон басқармасына Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы басшылық етпек. Бұған дейін Ил-Фараби ауданыныӊ әкімі лауазымын атқарған Бауыржан Ахметәліұлыныӊ есімі қала тұрғындарына жақсы таныс.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ міндетін атқару Нұрлан Кәукенұлы Қасымовқа жүктелді. Бұған дейін ол Илеуметтік сақтандыру қорыныӊ Павлодар облыстық филиалыныӊ директоры қызметін атқарған.

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысыныӊ міндеті Тұрар Асхатұлы Ахметовке жүктелді. Бұған дейін ол "Tulip Tours" ЖШС-ніӊ директоры және "APEX Consult" ЖШС-ніӊ бас директоры қызметтерін атқарған.

Шымкент қаласыныӊ ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысыныӊ міндетін Юсупова Айнур Абдуахасқызы атқармақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны