22.07.2018, 20:29 5169

Шымкент қаласында бірегей коворкинг орталығыныӊ таныстырылымы өтті

Отырар кітапханасыныӊ жанынан ашылған жаӊа орталықта түрлі деӊгейдегі семинарлар немесе дәрістер өткізуге, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін, сонымен қатар, шахмат және тоғызқұмалақ ойындарын меӊгеруге толық жағдай жасалған.

Шымкент. 22 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында бірегей коворкинг орталығыныӊ таныстырылымы өтті.

Орталық қызметімен алғаш болып "Нұрсәт" шағынауданыныӊ тұрғындары, "Нұр Отан" партиясыныӊ бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев және Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов танысты. Айта кетейік, Отырар кітапханасыныӊ жанынан ашылған жаӊа орталықта түрлі деӊгейдегі семинарлар немесе дәрістер өткізуге, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін, сонымен қатар, шахмат және тоғызқұмалақ ойындарын меӊгеруге толық жағдай жасалған. Кішкентай келушілер үшін сурет үйірмелері де ұйымдастырылған. Кітапхана директорыныӊ айтуынша, жаӊа Орталық қызметі барлық отбасы мүшелері үшін газет-журналдардан қызықты мақалаларды оқып, өзара пікір алмасуына, үстел ойындарыныӊ жарысына қатысуына мүмкіндік береді. Коворкинг орталығы Wi-Fi-мен жабдықталған. Барлық қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

Мәулен Ишімбаев өз кезегінде, мұндай Орталықтар адам бойындағы зерделілікті қалыптастыруға зор септігін тигізетінін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны