27.10.2016, 11:35 2932

Шымкент қаласында экологиялық "Таза қала" акциясы басталды

Шымкент қаласында экологиялық "Таза қала" акциясы басталды, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында экологиялық "Таза қала" акциясы басталды, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

"Шымкент қаласы тұрғындарыныӊ назарына! Шымкент қаласыныӊ тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы қазан айыныӊ 27 жұлдызынан бастап бір айлық экологиялық "Таза қала" акциясы басталғандығын хабарлаймыз.

Акция аясында автокөліктердіӊ қала көшелерін ластандырмауын (дөӊгелектерініӊ), көліктерден экологияға зиянды түтіндердіӊ нормадан тыс шығуын қадағалау, сондай-ақ, көліктерден қоқыстарды лақтырып кету сияқты құқық бұзушылықтардыӊ алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады.

Құрметті шымкенттіктер, "Таза қала" экологиялық акциясына белсенді қатысып, құқық бұзушылыққа куә болған жағдайда 8777 8858513 нөміріндегі әкімдіктіӊ WhatsApp сервисті қызметіне немесе [email protected] электронды мекен-жайына мәліметтер жолдауларыӊызды сұраймыз.

Қаланыӊ тазалығы өз денсаулықтарыӊыздыӊ кепілі екендігін ұмытпаӊыздар!

Шымкент қаласы әкімдігі, Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметі",- делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында: Жердіӊ табиғи ресурстарыныӊ шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теӊдесі жоқ тұтынудыӊ өсуі әр бағыттағы, келеӊсіз де, оӊ да үдерістерді үдете түседі.

Біздіӊ еліміз бірқатар артықшылықтарға ие. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. Басқа елдер мен халықтарға біздіӊ ресурстарымыз қажет болады.

Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудіӊ принципті маӊызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, еӊ бастысы, еліміздіӊ табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек.

Біз энергетиканыӊ дәстүрлі түрлерін дамытатын боламыз. Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаӊалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаӊа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет. Таяуда Еуроодақтыӊ ірі компанияларыныӊ алғашқы ондығы Еуроодақтыӊ әйгілі жасыл экономика тұжырымдамасы негізінде қабылданған энергетикалық стратегиясына қарсылығын жариялады. Еуроодақ оны жүзеге асырған төрт жылда 51 гигаватт энергия қуатын жоғалтты. Жасыл экономика бағдарламасымен жұмыс жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек.

Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты болашақтыӊ энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек. Мамандар тобы Назарбаев университетініӊ қолдауымен осы жұмысқа кірісуге тиіс. Біз қоғамдық көлікті отынныӊ экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек. Еліміз бензинді, дизель отынын, авиация керосинін молынан өндіруді қажет етіп отыр. Жаӊа мұнай өӊдеу зауыттарын салу қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны