11.10.2018, 12:51 3978

Шымкент қаласында өткен "Ел жүрегі-Астана" патриоттық ән байқауы өз мәресіне жетті

Вокалды-аспаптар ансамблі номинациясы бойынша Алматы қаласы Ішкі істер департаментініӊ қызметкерлері 1 орынға ие болды. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментініӊ командасы 2 орынды қанағат етті. 3 орын Қызылорда облысы Ішкі істер департаментіне бұйырды.

Шымкент. 11 қазан. Kazakhstan Today -Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында өткен "Ел жүрегі-Астана" патриоттық ән байқауы өз мәресіне жетті. Тартысты өнер додасына республикамыздыӊ өӊірлерінен алты команда қатысып, 3 номинация бойынша бағын сынады. Қатысушылардыӊ орындаған шығармалары жиналған қауымныӊ көӊілінен шығып, оларға жоғары баға берілді. Бұл үрдіс әлі де жалғасын табады.

Байқаудыӊ қорытындысы бойынша Балалар вокалы (эстрадалық) номинациясында бірінші орынды Жамбыл облысыІшкі істер департаментінен Дагилова Айлуна Тимуровна ие болды. Көліктегі Ішкі істер департаментінен Сапарова Дария Мұратқызы 2 орынға жайғасты. 3 орынды Қызылорда Ішкі істер департаментінен Маратов Мақсат Ержанұлы иеленді.

Қазақ ұлттық аспаптарынан құрылған оркестрмен өлеӊ айту номинациясында 1 орынды Қызылорда облысы Ішкі істер департаментініӊ аспаптар оркестрі иеленді. Алматы қаласыныӊ Ішкі істер департаментіне 2 орын бұйырды. 3 орынды Көліктегі Ішкі істер департаментініӊ командасы жеӊіп алды.

Вокалды-аспаптар ансамблі номинациясы бойынша Алматы қаласы Ішкі істер департаментініӊ қызметкерлері 1 орынға ие болды. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментініӊ командасы 2 орынды қанағат етті. 3 орын Қызылорда облысы Ішкі істер департаментіне бұйырды.

Барлық жеӊімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шымкент ҚІІД-ніӊ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны