18.07.2018, 17:15 4124

Шымкент қаласында полицейлер несие шығарып беремін деп алаяқтықпен айналысқан азаматшаны ұстады

Жәбірленушілердіӊ бірі арызданғандай, алаяқ өзіне ауылшаруашлық мекемесінен алты пайызбен кепілсіз 16 млн. теӊге несие шығарып беремін деп, қолма-қол 250 мыӊ теӊгесін алып, алдап кеткен.

Шымкент. 18 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби ПБ-ніӊ кезекші бөліміне бірнеше жергілікті тұрғындар арызданып, онда бейтаныс азаматша несие шығарып беремін деп алаяқтық жолмен ақшаларын алып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушілердіӊ бірі арызданғандай, алаяқ өзіне ауылшаруашлық мекемесінен алты пайызбен кепілсіз 16 млн. теӊге несие шығарып беремін деп, қолма-қол 250 мыӊ теӊгесін алып, алдап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларыныӊ барысында Ил-Фараби ПБ-ніӊ қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз жүрген Астана қаласыныӊ тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу барысында ұсталған күдіктініӊ алаяқтықтыӊ 5 жайтына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығынныӊ көлемі 2 миллион теӊгеден астам болып отыр.

Аталған жайт бойынша алаяқтық бабымен полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Түркістан облысыныӊ полицейлері азаматтарға бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуды, олардыӊ жұмысқа тұрғызып беремін, несие алып беремін немесе сыйақыға мәселелерінді шешіп беремін деген сөздеріне сенбеуді, алаяқтардыӊ құрығына түспес үшін ерекше мұқият болуды ескертеді.

Егерде алаяқтықтыӊ құрбаны немесе куәгері болсаӊыз, тез арада полицияныӊ 102 нөміріне хабарласыӊыз.

Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны