26.07.2016, 14:38 4586

Шымкент қаласында тәртіп сақшылары 38 жастағы азаматты 3 келі марихуанамен ұстады

Тексеру жұмыстары кезінде полицейлер бір қап марихуанаға ұқсас өсімдік тектес есірткі затын тәркіледі.

Шымкент. 26 шілде. Kazakhstan Today. ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен және Шымкент ҚІІБ ААЕБҚКБ-ніӊ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Ынтымақ ауылыныӊ аумағында 1978 жылы туылған азаматты аса ірі көлемдегі есірткі затын сақтады деген күдікпен құрықтады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Тексеру жұмыстары кезінде полицейлер бір қап марихуанаға ұқсас өсімдік тектес есірткі затын тәркіледі.

Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысына сай, табылған есірткі затыныӊ жалпы салмағы 3 келіден астам марихуана екенін анықтады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-ніӊ 296-бабымен "Есірткі, псхотроптық заттармен, сол текстестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заӊсыз жұмыс істеу". Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны