22.01.2015, 09:34 3963

Шымкент қаласындағы атындағы орталық стадион директорыныӊ орынбасары алаяқтық жасап сотталды

Үкім заӊды күшіне енген

Шымкент. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - 25 желтоқсан 2014 жылғы Шымкент қаласы Ил-Фараби аудандық сотыныӊ үкімімен сотталушы Б.Кунанбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 177 бабыныӊ 3 бөлігініӊ "б" тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-ніӊ 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сотталушы Б.Кунанбаев 2012 жылғы желтоқсанда өзініӊ жұмыс орнына, яғни Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесіндегі Қажымұқан атындағы орталық стадионына алдын ала тергеумен аты-жөні толық анықталмаған басқа адам жәбірленуші П.Сапаровамен бірге келіп, соӊғыны сотталушымен таныстырған. Сол жерде сотталушы мен басқа адам адамдар тобыныӊ алдын ала сөз байласуы бойынша ірі мөлшерде алаяқтық жасау мақсатымен жәбірленушіге "1 айда Шымкент қаласындағы балабақшаныӊ біріне меӊгеруші ретінде жұмысқа орналастырамыз, сол үшін 15.000 АҚШ доллары керек" деп айтқан. Жәбірленуші П.Сапарова "Каspi Вank" АҚ-ныӊ ШФ-нан 15.000 АҚШ доллар немесе 2.265.000 теӊгені несиеге алып, алданып қалмауы үшін ол бұл ақшаны нотариус арқылы беретінін айтып 26.12.2012 жылы Б.Кунанбаев екеуініӊ арасында қарыз келісім-шартын түзген. Алайда, сотталушы Б.Кунанбаев пен басқа адам уәдеде тұрмай, жәбірленушіні жұмысқа орналастырмай, сол үшін алған ақшаны да соӊғыға қайтармай, өздерініӊ жеке пайдасына жаратып, жәбірленуші П.Сапароваға 2.256.300 теӊге мөлшерде мүліктік залал келтірген.

Үкім заӊды күшіне енген

Оӊтүстік Қазақстан облыстық сотыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны