11.10.2018, 12:49 4220

Шымкент қаласыныӊ әкімдігі "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жеӊілдікпен несиелеуге арналған алғашқы сертификаттарды табыс етті

"7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жеӊілдікпен несиелеу сертификаттарыныӊ мәні - әкімдік бастапқы жарна сомасыныӊ жартысын субсидиялайды, яғни жаӊа тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар банкке алғашқы жарнаныӊ 10 пайызын ғана төлейді.

Шымкент. 11 қазан. Kazakhstan Today - Шымкент қаласыныӊ әкімдігі "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жеӊілдікпен несиелеуге арналған алғашқы сертификаттарды табыс етті.

Өздерініӊ кәсіби мерекесіне орай қаланыӊ 19 ұстазы осындай сыйлық алды. "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жеӊілдікпен несиелеу сертификаттарыныӊ мәні - әкімдік бастапқы жарна сомасыныӊ жартысын субсидиялайды, яғни жаӊа тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар банкке алғашқы жарнаныӊ 10 пайызын ғана төлейді.

Естеріӊізге сала кетейік, қыркүйек айында қала әкімдігі мен "Баспана" компаниясы арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін шымкенттіктерде осындай мүмкіндік пайда болды. Мегаполис басшысы жас отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардыӊ қызметкерлері үшін бастапқы жарна сомасыныӊ жартысын жергілікті бюджет субсидиялайтынын айтты.

Қазіргі таӊда "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін 394 миллион теӊгені құрайтын 38 өтініш келіп түскен.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны