18.09.2006, 16:19 3089

Шымкент қаласының әкімі қайыршылықпен күн көріп жүрген шетелдіктерді қаладан қудалауға тапсырма берді

ШЫМКЕНТ. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шымкент қаласының әкімі Өмірзақ Иметұлы қайыршылықпен күн көріп жүрген шетелдік мүгедектерді қаладан қудалауға тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қала көшелерінде алақан жайып жүрген шетелдік мүгедектердің саны тұрақты өсіп келеді. Қаланың кескін-келбеті мен мемлекеттің беделіне бұдан нұқсан келуде",- деп мәлімдеді Ө.Иметұлы қалалық әкімшілікте өткен кеңесте.

Кеңесте әлеуметтік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Шымкент көшелерінде қайыр сұрап жүрген мүгедектерді анықтау үшін жүргізген рейдтің қорытындысы талқыланған болатын. Қала көшелерінде қайыр сұрап жүрген мүгедектердің 95 проценті Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан секілді көршілес елдердің азаматтары екені белгілі болды. Сонымен бірге, құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің айтуынша, көп жағдайда мүгедектердің қайыршылықпен жинаған нәпақасын үшінші біреулердің иемденіп кету оқиғалары байқалуда.

Қала әкімі мүгедектерді пайдаланушы адамдарды анықтауды және оларды жауапкершілікке тарту мәселелерін зерттеуді тапсырды. Ал қайыршылықты кәсіп еткен мүгедектерді ел аумағынан шығарып жіберуге шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны