02.12.2018, 14:09 5075

Шымкент қаласыныӊ әкімі қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша апта сайын ашық қабылдау өткізетін болады

Шымкент бұрыннан бері жобалардыӊ даму қаласы болды: баланы онлайн режимінде балабақшаға қою, бірінші сынып оқушысын мектепке жазу, T-hunter, U-Study - бұл Шымкентте алғаш рет қолданылған білім беру саласындағы жобалар, бүгінде еліміздіӊ барлық өӊірлерінде енгізілуде.

Шымкент. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today -Шымкент қаласыныӊ әкімі қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша апта сайын ашық қабылдау өткізетін болады.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Шымкент әкімі Ғабидолла Ибдірахымов мәлімдеді.

Шымкент бұрыннан бері жобалардыӊ даму қаласы болды: баланы онлайн режимінде балабақшаға қою, бірінші сынып оқушысын мектепке жазу, T-hunter, U-Study - бұл Шымкентте алғаш рет қолданылған білім беру саласындағы жобалар, бүгінде еліміздіӊ барлық өӊірлерінде енгізілуде.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаны субсидиялау идеясы Шымкентте алғаш рет айтылды.

Енді жаӊа жоба - Шымкент қаласыныӊ әкімі халықпен айына бір рет емес, енді 4рет әр жұма сайын кездесіп отырады. Қабылдауға жазылу үшін әкімдік кеӊсесіне келудіӊ қажеті жоқ, тек сатты ашса болғаны. Барлық жағынан ашықтық қаралған.

"Икімдік пен халық арасындағы өзара қарым-қатынасты арттыру мақсатында мен азаматтарды жеке қабылдауды айына бір рет емес, апта сайын, әр жұма күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін өткізу туралы шешім қабылдадым. Азаматтарды қабылдауға жазылу онлайн режимде қала әкімдігініӊ сайты арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, азаматтардыӊ ыӊғайлылығы үшін біз әкімдік ғимаратыныӊ бірінші қабатында заманауи кабинет жабдықтадық", - деді Ғабидолла Ибдірахымов.

Айта кету керек, үшінші мегаполис әкімініӊ тұрғындармен кездесетін кабинеті - ашық шыны терезелерден жасалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны