17.07.2018, 21:56 3854

Шымкент қаласыныӊ аудан әкімдері тұрғындармен күнделікті кездесетін болады

Қала әкімі, сондай-ақ, аудан басшыларына өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы халықтыӊ өмір сүру сапасына жеке жауапты екендерін де ескертіп өтті.

Шымкент. 18 шілде. Kazakhstan Today - Аудан әкімдері халықпен жаӊа кесте бойынша жұмыс істейтін болады. Бұған дейін аптасына бір рет азаматтарды қабылдап келген аудан әкімдері ендігі жерде халықпен күн сайын кездеседі. Бүгін қала активініӊ отырысында шаһар әкімі Ғабидолла Ибдірахымов осындай тапсырма берді. - Бұрын азаматтарды аптасына бір рет белгіленген кесте бойынша қабылдап келген болсаӊыздар, ендігі жерде күн сайын таӊертеӊгі сағат 9:00-10:00 аралығында жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастыратын боласыздар. Яғни, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінен тікелей жауап ала алады. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс жасаӊыздар. Егер тұрғындардыӊ сенімін ақтасаӊыздар, дұрыс жұмыс жасағандарыӊыз. Халықтыӊ сенімін ақтау - жұмыстыӊ басты көрсеткіші, - деп атап өтті Ғабидолла Ибдірахымов.

Қала әкімі, сондай-ақ, аудан басшыларына өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы халықтыӊ өмір сүру сапасына жеке жауапты екендерін де ескертіп өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны