09.01.2007, 10:25 2759

Шымкент қаласының басшылығы 2007 жылы жол құрылысына 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлмекші

ШЫМКЕНТ. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкент қаласының басшылығы 2007 жылы жол құрылысына 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлмекші. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында Шымкенттің әкімі Анарбек Орман мәлімдеді,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз 2007 жылы қаладағы отыз көшедегі жолдарды күрделі жөндеуден өткізбекшіміз. Бұл үшін 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек",-деді А. Орман. Икімнің айтуынша, осы жылы Шымкентте 10 жаңа саябақ салынады. "Көктемге дейін біз 8 мың қылқан жапырақты ағаштар көшетін отырғызуымыз қажет",-деді ол.

Сонымен қатар, А. Орман әкімшіліктің ойға алған бір жұмысы - қаладағы базарларды сырт аймақтарға көшіру екенін атап өтті. Сол себептен қазіргі кезде 28 базардың жұмысы тоқтатылған. "Бір айта кетерлігі, базар саны кеміген сайын олардан жиналатын салық көлемі артып отырғандығы байқалады,-деді әкім. Оның мәліметтері бойынша, өткен жылдың қараша айы кезінде барлық базар жұмыс істеп тұрған кезде 10 млн теңге, ал желтоқсанда 30 млн теңге салық жиналған.

"1 науырызға дейін біз Шымкент көшелерінен барлық ГАЗельдерді алып тастаймыз, деп әкім тұрғындарға уәде берді. Сондай-ақ, ол таяуда қалаға 200 жаңа үлкен жолаушылар таситын автобустардың келетіндігін айтты.

Сонымен қатар, әкім қаланы жарықтандыру жүйесін де жаңарту мәселесі қарастырылып жатқандығын тілге тиек етті. Бұл ретте 1-ші және 2-ші Жылу электр орталықтарының коммуналдық меншікке өту мүмкіндіктері, жаңа мектептер мен ауруханалар құрылысы және ескі ғимараттарды бұзып орнына жаңаларын тұрғызу туралы мәселе күн тәртібіне көтерілгендігін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны